Жаңа 2026 жыл қарсаңында "Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де нағыз мерекелік атмосфера құрылды.

24.12.2025

2026 жылғы Жаңа жыл қарсаңында «Акан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де шынайы мерекелік атмосфера қалыптастырылды. Мектеп  керемет талғаммен безендірілді: оқу кабинеттері мен дәліздер ерекше кейіпке енді. Ғимараттың қасбетіне айрықша көңіл бөлініп, ол жаңа жылдық элементтермен, гирляндалармен және тақырыптық безендірулермен көркемделді. Бұл мектеп табалдырығынан-ақ мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Жаңа жылдық безендіру педагогтар мен мектеп қызметкерлерінің бірлескен, ұйымшыл еңбегінің нәтижесі болды. Қуанышқа, жайлылық пен сиқырлы сезімге толы бұл атмосфера оқушыларға, ата-аналарға және ауыл тұрғындарына жағымды әсер сыйлап, ең жылы әрі көптен күтілетін мереке — Жаңа жылдың жақындап қалғанын еске салады.

http://,https://www.instagram.com/reel/DSnPLnriG5e/?igsh=d2Vsc2t0cDB5Y2U0

Просмотров: 64


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу