Жалпы білім беретін мектепте учаскелік полиция инспекторы С. Б. Кабдуллинмен профилактикалық әңгіме өтті.
23.04.2026
Жалпы білім беретін мектепте учаскелік полиция инспекторы Кабдуллин С.Б. профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Ерекше назар жыныстық қолсұғылмаушылықты сақтау, жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету тақырыптарына аударылды.
Сонымен қатар, инспектор оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салып, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық пен оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтты.
Әңгіме түсінікті әрі танымдық түрде өтті, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.
Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.