Оқйалу қандай керемет!
24.04.2026
Оқйалу қандай керемет!
"Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып оқушылары ауылдық кітапханаға барды. Мұнда бізді кітапханашы Татьяна Викторовна Максименко қарсы алды. Балалар жылы әрі танымдық атмосфераға еніп, балалар әдебиетінің алуан түрімен танысты, кітапхананы пайдалану ережелері туралы білді және қызығушылықпен әсем безендірілген кітаптарды тамашалады.
Ертегілер бойынша өткізілген қызықты викторина ерекше көңіл-күй сыйлады: балалар сұрақтарға қуана жауап беріп, сүйікті кейіпкерлерін еске түсірді, өз білімдерін көрсетті және тәтті сыйлықтарға ие болды. Кездесу достық жағдайда өтіп, оқушыларға жаңа әсер сыйлап, кітапханаға жиі келуге деген ынталарын арттырды.
Просмотров: 41