Ақан Құрманов ауылының мектеп кітапханасында кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шара өтті.

24.04.2026

Ақан Құрманов ауылының мектеп кітапханасында Кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шара өтті. Оқушылар мерекенің тарихымен танысып, кітап оқудың маңыздылығы мен автор еңбегіне құрметпен қарау туралы білді. Бағдарлама барысында викторина, әлемдегі ең ірі кітапханалар туралы презентация және кітаптарға шолу ұйымдастырылды. Іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітаппен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Кітапханашы: Леписа О.Э.

Просмотров: 46


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу