"Қошаған-ортаны аялайық" 11 сынып оқушылары маңызды және игі іс — шара өткізіп, мектеп аумағына ағаш отырғызды.

30.04.2026

«Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Қоршаған ортаны аялайық» экологиялық акциясы аясында 11-сынып оқушылары маңызды әрі игі іс атқарып, мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және туған өлкенің табиғатын сақтауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Түлектер үлкен ынтамен мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына қатысып, білім ордасын көркейтуге өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу — болашаққа деген қамқорлықтың символына айналды. Әрбір егілген ағаш — таза ауа, көрікті әрі жасыл орта қалыптастыруға жасалған қадам болып табылады, бұл келешек ұрпақ үшін маңызды.

Просмотров: 46


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу