«Бұл – жарқын жаз!»

03.06.2026

«Бұл – жарқын жаз!»
" Денсаулыққа старт» мектеп жанындағы алаңының 3-күні "Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де шын мәнінде жарқын, көңілді әрі есте қаларлықтай өтті! ☀️
Таңертең балаларды қарсы алып, сергітетін жаттығумен бастадық – күні бойы күш-қуатқа толы болдық! 💪
Балалар «Пайдалы – зиянды» ойынына қызығушылықпен қатысып, салауатты өмір салты туралы білімдерін нығайтты. 🥦🍎
Шығармашылық сабақ әр баланың қиялы мен талантын көрсетуіне мүмкіндік берді. 🎨
Ал күннің ең әсерлі сәті – пижамалық кеш пен көңілді су шашу ойыны болды. 💦😄 Балалардың күлкісі мен қуанышы, көтеріңкі көңіл-күйі ерекше әсер сыйлады!
Күн соңында балалар өз әсерлерімен бөліскен жылы «отрядтық алау басындағы кездесумен» аяқталды. 🔥
Жазғы демалысымыз көңілді, тату әрі пайдалы өтуде! 🌈

Просмотров: 36


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу